18 қаңтар 2016 16:52

Норвегияда босқындар аштық жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Норвегияның солтүстігінде орналасқан лагерьде босқындар корольдіктен шығарып тастауға қарсы аштық жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.


Норвегияның солтүстігінде орналасқан лагерьде босқындар корольдіктен шығарып тастауға қарсы аштық жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері шамамен 70 босқын ресейлік шекараға жақын маңдағы Финнмарк провинциясындағы лагерьге әкелінген. Оларды жергілікті билік елден шығарып жіберуге ниеттеніп отыр екен. Норвегия билігі оларға корольдікте болуға рұқсат бермеген. Босқындар мұндай шешімге қарсылық танытып отыр, осылайша олар аштық жариялады. Олардың бірі акцияға ересектердің де, балалардың да қатысып жатқанын айтады. Аштық жариялағандардың нақты қанша адам екені белгісіз. 

Осыған дейін норвег билігі Ресей-Норвегия шекарасы арқылы корольдікке 5,5 мың босқынның келгенін мәлімдеген болатын. Олар отанына жіберілетін көрінеді. Қазіргі таңда оларды қалайша елден шығарып жіберетіні жайлы мәселе шешіліп жатыр. Бұған дейін Норвегия билігі босқындарды қалай келсе, солай шығарып жіберетіні жайлы, яғни велосипедпен қайтаратыны жайлы хабарлаған. Алайда бұл ойлары сынның астында қалыпты. 

2015 жылы Норвегияға келген босқындардың саны 11 мың адамға жеткен. Бұл 1994 жылғы рекордқа жақын. Сол кезде Балкандағы дағдарыстан босқындар солтүстік корольдікке қарай қашқан еді. Бүгінде босқындардың арасында Сирия, Ауғанстан елдерінің азаматтары бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети