20 мамыр 2016 19:15

Сеулде қазақстандық 21 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық дипломаттар Сеулде 21 жастағы қазақстандық азаматшаны притоннан шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық дипломаттар Сеулде 21 жастағы қазақстандық азаматшаны притоннан шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің өкілдері редакция сауалына жауабында 20 мамырға қараған түні елшілік қызметкерлері мен Сеул полициясының бірігуімен Қазақстан азаматшщасын заңсыз құлдықтан шығарып алған. 

Қыз Кореяға биыл 8 сәуірде барған, айтуынша, ол Сеулде бір апталық косметология курсынан өткісі келген. 

"Сеулге шақыртқан "агенттіктің" өкілдері ол барған бетте куәлігін тартып алып, салон-массаж мекемесінің жертөлесінде қамап қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

19 мамырда бұл туралы мәлімет Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жетеді.

"Кезекші дипломат бұл мәліметті Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігіне жедел хабарлайды. Бұл мәліметті алған қазақстандық депутаттар Сеулде қазақстандықты қамауда ұстап отырғандармен мессенджер арқылы тауып алған. Сөйтіп, дипломаттар азаматша жатқан жерге полициямен бірге барады - Содемун-гу ауданындағы мейрамханаға барады (біздің азаматшамыз "агенттік" жұмысшыларының бірінен оны мейрамханада тамақтандыруды сұраған)", - деп хабарлады ҚР СІМ өкілдері. 

"Патрульдік-күзет қызметінің көмегімен мейрамханаға келіп жетіп, қазақстандық азаматшаны босатып, корей ұлтының өкілін ұстау мүмкін болды. Осыдан кейін қазақстандық дипломаттар жедел полиция тобымен қызды ұстап отырған жерге барып, қылмыскерлерді ұстауға, азаматшаның куәлігі мен жеке заттарын алуға барды. Өкінішке қарай, қылмыскерлер жоқ болып шықты, қыздың заттары да бірге жоғалған", - деп хабарлады баспасөз өкілдері. 

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматшасы Сеул полициясының арнайы бөлімінде. Осы дерек бойынша тергеу басталды, жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети