08 маусым 2016 10:36

Қытай футболшысы ауыр жарақат алған Қонысбаевтан кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Қазақстанның футболдан жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев жолдастық кездесуде алған ауыр жарақатына ота жасатуына байланысты Қытайда тағы жеті күндей уақыт болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстанның футболдан жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев жолдастық кездесуде алған ауыр жарақатына ота жасатуына байланысты Қытайда тағы жеті күндей уақыт болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, Қазақстанның футболдан жартылай қорғаушысы Қонысбаев әуелеп келе жатқан допқа таласта жерге қате түсіп, оң аяғын сындырып алды. Оқиға бірінші таймның соңында болған еді. "Атырау" футбол клубының ойыншысын жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізді. Спорт порталының мәліметінше, Қонысбаев енді маусымның соңына дейін ойнай алмауы мүмкін.

Қонысбаевтың алған жарақаты Далян қаласының стадионында өткен матч арасындағы үзілісте Қазақстан мен Қытай футболшыларының арасындағы жанжал тудыра жаздады. Матчтан кейін команда Қазақстан футбол федерациясы басқармасын Даляннан Алматыға қарай бағыт алған ұшақты тоқтата тұруын сұрады. Себебі олар Қонысбаевпен бірге қайтқысы келді.


 Facebook қолданушысы Сержана Қасеннің парақшасынан алынған сурет

Қытай құрамасының жартылай қорғаушысы Жэнь Хан қазақстандық Қонысбаевтан кешірім сұрады. "Мен кешірім сұраймын. Мен тек допты тосып алғым келді, бұлай боларын білмедім. Мен Қонысбаевтан кешірім сұраймын. Осылай болғанына қатты өкінемін. Қарсыластарымнан да кешірім сұраймын. Матчтан кейін де мен оларда кешірім сұрадым. Біз - кәсіби ойыншылармыз, қарсыласты жарақаттайтындай ұрыс-керіске бармаймыз. Өкінішке қарай, ойыншылар ойын алаңында жарақаттар алады. Мен оның тезірек сауығып кетуін тілеймін және ол мені кешіре алады деп үміттенемін", - деп келтірді ойыншының сөзін Sina.com басылымы.

Айта кетейік, Қытайда өткен матчта Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Азат Нұрғалиев Қытай командасының қақпасына баспен гол соқты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети