30 маусым 2016 09:52

Қазақстанда бір тәулікте бес бала суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralinform.ru © uralinform.ru

Қазақстанда өткен тәулікте 5 бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда өткен тәулікте 5 бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 маусымда Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазығұрт ауылындағы Келес өзенінде шомылып жүрген 2005 жылғы бала суға батып кетті. Шымкентте Қарасу өзенінде 2012 жылғы қыз суға абайсызда құлап кетіп, батып кетті. Алматы облысында екі баланың суға кету жағдайы тіркелді. Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылында Күш көлінде шомылған 2000 жылғы жасөспірім суға батса, тағы бір 2001 жылғы бала Жамбыл ауданының Үмбетәлі ауылындағы 20 шақырым жердегі тастанды карьерде батып кеткен", - деп хабарлады ТЖК өкілдері.

Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы Мерке өзенінде 2009 жылғы бала абайсызда суға құлап кетіп, қайтыс болған. Бұл оқиғалардың барлығы құтқарушылар күзетпейтін акваторияларда болғаны айтылады.

"Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі ата-аналарының қараусыз қалдыруынан және балалардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін білмеуімен байланысты болады. ТЖ жөніндегі Комитет барлық ата-ананы балаларға жіті қарап, қараусыз қалдырмауға шақырады. Кішкентай бала қауіп деңгейін білмейді. Сондықтан оларды аз уақытқа да қараусыз қалдыру қайғылы оқиғаға әкеп соғуы мүмкін", - деп ескертті комитеттегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети