30 маусым 2016 11:14

Бас прокуратура Төлешов туралы істің жай-жапсарын жария етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқтар Төлешов. © Otyrar.kz Тоқтар Төлешов. © Otyrar.kz

Бас прокуратура шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешов туралы істің жай-жапсарын жария етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бас прокурор Жақып Асанов Парламенттің үзілісінде айтты.


Бас прокуратура шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешов туралы істің жай-жапсарын жария етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бас прокурор Жақып Асанов Парламенттің үзілісінде айтты.

Тілшілердің Төлешов ісі бойынша жаңа деректер туралы сұрағына ол "Болады, келесі аптада болады", - деп жауап қатты.

Істің мән-жайы не жайлы болатыны жайлы нақтырақ сұраған тілшілерге Асанов "Сотқа жолдау, танысу, сол сияқты мән-жайы. Келесі аптада істің қандай кезеңде тұрғанын хабарлаймыз", - деп жауап берді. 

Айта кетейік, осыған дейін ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасаев былай деп мәлімдеген еді: "Тергеудің мәліметтері бойынша, Төлешов мырза бұған дейін дайындық жұмыстарын жүргізген, ал өткен жылдан бері билікті зорлықпен басып алуға дайындық жұмыстарымен айналысқан. Оның әрекеттерінің жоспары елдегі жағдайды шиеленіс ошақтарын құру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жолдарымен тұрақсыз етуге негізделген".

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети