08 шілде 2016 23:54

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF, WBC  тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде ағылшын боксшысы Келл Брукпен жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF, WBC  тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде ағылшын боксшысы Келл Брукпен жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Головкиннің өзі мен промоутер Эдди Хирн Twitter желісінде жария етті. Жекпе-жек Лондондағы О2 аренасында 10 қыркүйекте өтеді. 

"Ресми түрде жариялаймын. Мен 10 қыркүйекте Келл Брукпен Лондонда жұдырықтасамын. Ұлыбританиядағы бірінші жекпе-жегіме дайынмын", - деп жазды Головкин.

Бұл 34 жастағы Головкиннің 36-шы жекпе-жегі болады. Бұған дейінгі 35 жекпе-жектің барлығында да жеңіске жетті (32-сін нокаутпен). 30 жастағы Брук те жеңіліп көрмеген - 36 жекпе-жек, 36 жеңіс (25-і нокаутпен). Ол бірінші орта салмақта жұдырықтасады (66,7 келі) және IBF чемпиондық белбеуінің иегері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети