09 шілде 2016 21:07

Атақты сүзу оқиғасы: Матерацци Зиданға не айтқанын 10 жыл өткеннен кейін жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© laacibiin.com © laacibiin.com

Футболдан Италия құрамасының экс-қорғаушысы Марко Матерацци Францияның белгілі форварды Зинедин Зиданға 2006 жылы Берлиндегі әлем чемпионатының финалында не айтқанын мойындады, - деп хабарлайды "Р-спорт" сайты L'Equipe газетіне сілтеме жасап. 

Финалдық кездесуде Зидан мен Матераццидің арасында кикілжің туған еді, кейін француз италиялық футболшыны кеудесінен баспен ұрып құлатқан еді. Осы ісі үшін Зидан қызыл қағаз алып, ойыннан шығарылды. Салдарынан Франция құрамасы жеңілген еді. Осы атақты оқиғадан бері Матераццидің Зиданға не айтқаны жұмбақ болып келген болатын. 

"Мен шын мәнінде ақымақтыққа жол бердім, бірақ бұл үшін осындай әрекетті күтпедім. Неаполь, Милан немесе Париж көшелерінде бұдан да қатты сөз естисіз. Менің айтқаным оның қарындасына қатысты еді, бірақ анасына тіл тигізбеген едім, кейбір газеттер солай жазды да. Менің анам 15 жасымда қайтыс болды, сондықтан оның анасына тіл тигізетін жағдайға бармас едім", - деді Матерацци.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети