11 шілде 2016 06:27

Роналдудың көз жасы мен Эдердің голы: Португалия құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарақат алған Криштиану Роналду уайымдап тұрған сәт. © UEFA Жарақат алған Криштиану Роналду уайымдап тұрған сәт. © UEFA

Футболдан Португалия құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Финалда португалдар турнир қожайындары Франция құрамасын жеңді.


Футболдан Португалия құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Финалда португалдар турнир қожайындары Франция құрамасын жеңді.

Ойынның алғашқы бес минутында Нани қауіпті соққы жасап, мүлт кетті. Доп қақпадан биік кетті. Ал оныншы минутта портулиялық ойыншы Руй Патрисиу сейв жасап, Антуанн Гризманның тепкен добын қайтара білді.  

Кейін Криштиану Роналду жарақат алып қалды. 17-ші минутта Дмитри Пайемен допқа таласта ол бүктетіліп жатып қалды. Алайда дәрігерлердің көмегінен кейін ол ойынға қайта оралды.  

Кейін француздар шабуыл жасады. Мусса Сиссоко допты қақпа бағанасынан биік тепті. Осыдан кейін Роналду ойынды жалғастыра алмайтынын айтып, отыра қалды. Көз жасына ерік берген команда капитанын дәрігерлер алып кетті. Оның орнына Рикарду Куарежму шықты.

Осыдан кейін ойында допқа талас-тартыс қыза түсті. 34-ші минутта ғана Руй Патрисиу Сиссоконың тепкен добын қайтарып, командасын бір голдан құтқарып қалды. Ойынның бірінші таймының соңында Эвра мен Куарежма қақтығысып қалды, абырой болғанда екеуі де ойынды жалғастыра алды. Командалар үзіліске 0:0 есебімен шықты. 

Ал екінші тайм мүлдем қызықсыз болды. Бірінші жиырма минутында Дмитри Пайенің Кингсли Команмен ауысуы ғана көзге түсті. Қауіпті сәттер көп болмады. 66-шы минутта Гризманн сәтті позициядан тепсе де, қақпадан қисық кетті. Ал кейін Оливье Жиру қауіпті сәт жасай білді, алайда оның добын Руй Патрисиу қайтара білді. 

Ал португалдардың голкиперін матчтың үздік ойыншысы атауға да болатын сияқты - ол өз командасын бірнеше рет құтқарып қалды. Ал шабуыл өтінде Нани мен Куарежма көзге түсті. Ойынның 80-ші минутында екеуі де қауіпті сәт жасай білді. Алайда Рикардудың добы да қақпаға дәл бармады. 

Осыдан кейін француздардан Сиссоко қақпаға дәл соққы жасаған, бірақ Патрисиу тағы да өз командасына көмекке келді. Ал 92-ші минутта Андре-Пьер Жиньяктың соққысы тіпті штангаға тиіп, кері қайтты. Қорытындысында негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды. 

Бірінші қосымша таймда екі команда да қауіпті сәт жасай білді. Ал екінші шабуылында португалдар француздардан басым екендігін дәлелдегендей болды - Рафаэл Геррейру айып алаңынан теуіп, қақпа бағанасына дәл тигізді, ал бір минут өткенде алаңға жаңа кірген Эдер есепті 1:0-ге жеткізді.   

Бұдан кейін француздар португалдардың қақпасына ағылады-ау деген ой жүзеге аса қоймады. 1:0. Португалия құрамасы жеті кездесуде де тең ойнап, Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети