14 шілде 2016 08:34

Боксшы Бекман Сойлыбаев ұлды болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© diamondring.kz © diamondring.kz

Жылдың басында Солтүстік Америка чемпионы атағын иеленген боксшы Бекман Сойлыбаев әке атанды, - деп хабарлайды Diamondring.kz басылымы.


Жылдың басында Солтүстік Америка чемпионы атағын иеленген боксшы Бекман Сойлыбаев әке атанды, - деп хабарлайды Diamondring.kz басылымы.

Жас отбасының тұңғышы 6 шілдеде таңғы сағат 05:30-да дүниеге келді. Бекман басылым тілшілеріне жұбайы Мөлдір мен кішкентай нәрестесінің үйіне келіп, шаңырағының шырайын ашқанын қуана хабарлапты. Жас жұбайлар ұлдарының атын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне арнап Димаш деп қойыпты.

Еске салайық, Бекман мен Мөлдір былтыр қазан айында некелесіп, шаңырақ құрған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети