15 шілде 2016 10:07

Головкин мен Брук Нью-Йоркте көз арбасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/finboxing instagram.com/finboxing

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен (35-0, 32 КО) жартылай орта салмақта IBF сериясы бойынша әлем чемпионы ағылшын боксшысы Келл Брук (36-0, 25 КО) баспасөз конференциясын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен (35-0, 32 КО) жартылай орта салмақта IBF сериясы бойынша әлем чемпионы ағылшын боксшысы Келл Брук (36-0, 25 КО) баспасөз конференциясын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Нью-Йоркте өтті. Басылымның мәліметінше, баспасөз конференциясы барысында Головкин көп сөйлеген жоқ. "Бірнеше күн бұрын менің промоутерім Том Леффлер келесі қарсыласым Келл Брук болатындығын айтты. Мен: "Уау дедім!" Бұл мен үшін жаңалық болды. Мен оны өз дивизионында жақсы әрі күшті боксшы ретінде танимын. Ол мен үшін салмақты қарсылас болады", - деді қазақстандық.

Ал Брук болса сөйлеп қалу мүмкіндігін бос жібермеді. Оның айтуынша, ұлы боксшы атану үшін үлкен әрекеттер жасау керек. Мысал ретінде ол Шугар Рей Леонардты келтіріп, оның тарихта қалғандығын, ауыр салмақта белбеулерді жеңіп алғанын айтты. "Мен жартылай орта салмақтағы боксшымын, сондықтан да қазіргі ғаламшардағы ең қауіпті боксшымен шығарда барлығын дұрыс жасауым керек. Әйтпесе мені сәтсіздік күтіп тұр... Мен мүмкіндікті жіберіп алмауға тырыстым. Мен мұны өз жанкүйерлерім үшін жасадым", - деді ол.

Қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес Головкин - Брук кездесуін бокстағы классикаға теңеді: "Бұл Де Ла Хойя - Хопкинс немесе Тито Тринидад - Хопкинс жекпе-жегі сияқты болуы мүмкін. Бұл жекпе-жек ұзақ уақыт бойы есте қалады деп сенемін". Өз кезегінде ағылшын боксшысының жаттықтырушысы Доминик Ингл мұның жыл жекпе-жегі болатындығын айтты: Келл Брук ұлы атанғысы келеді және де бұл қиын шаруа емес. 2016 жылы 10 қыркүйекте жыл кездесуі болмақ және де Брук осы күні ерекше ынтамен жұдырықтасатын болады.

Баспасөз конференциясы барысында, Головкин мен Брук көз арбасты. Басылымның тілшілерінің айтуынша, боксшылар қарама-қарсы тұрған кезде Бруктың Головкинмен шамалас екендігін көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети