27 шілде 2016 22:00

"Астана" клубы "Селтикпен" тең ойнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрар Қазанғапов. © Vesti.kz Тұрар Қазанғапов. © Vesti.kz

"Астана" клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі өз алаңындағы ойында шотландиялық "Селтикпен" тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


"Астана" клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі өз алаңындағы ойында шотландиялық "Селтикпен" тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

27 шілдеде "Астана Аренада" өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның басы белсенді болды. Екі команда да бар күшін шабуылға жұмсады. Бірінші голды ойынның 19 минутында Юрий Логвиненко соқты. 

Голдан кейін Станимир Стойловтың шәкірттері шабуылды үдете түсті. Азат Нұрғалиев тамаша соққысымен допты қақпаға дәл бағыттаған, алайда "Селтик" командасының қақпашысы Крейг Гордон оны қайтара білді. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталған. 

Ал екінші таймның 78-ші минутында Дмитрий Шомко қателесіп, доп Патрик Робертске тиді. 19 жастағы форвард Ли Гриффитске доп асырып, ол өз кезегінде допты "Астана" қақпасына дәл бағыттады. Гол.

Қалған уақытта Стойлов Агим Ибраими мен Джордже Деспотовичті алаңға шығарған. Матчтың соңғы минуттарында Марин Аничич мүмкіндікті қалт жіберді. Есеп өзгеріссіз қалды. 

"Астана" мен "Селтик" арасындағы қарымта кездесу 3 тамызда Глазгодағы "Селтик Парк" стадионында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети