29 шілде 2016 17:06

Рио Олимпиадасына Қазақстаннан 104 спортшы барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Данияр Майлыбаев © Данияр Майлыбаев

Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын 104 спортшы қорғайтын болады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандықтар спорттың 26 түрінен 106 жолдаманы жеңіп алған. Алайда жарақат алған екі спортшысы Қазақстанның бірінші ракеткалары Михаил Кукушкин мен Юлия Путинцева Олимпиада-2016 ойындарына бармайды.


Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын 104 спортшы қорғайтын болады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандықтар спорттың 26 түрінен 106 жолдаманы жеңіп алған. Алайда жарақат алған екі спортшысы Қазақстанның бірінші ракеткалары Михаил Кукушкин мен Юлия Путинцева Олимпиада-2016 ойындарына бармайды.

Сонымен, бокстан 12 адам (он ер адам және екі әйел адам), еркін күрестен - бес, грек-рим күресінен - үш, әйелдер күресі - төрт, тас жолдағы велоспорттан - екі, велосипедпен жарысу алаңы - бір, көркем гимнастика - бір, акробатика - бір, есу - екі, байдарка мен каноэдеесу - 11, слалом есу - бір, дзюдо - алты, жеңіл атлетика - 26, жүзу - үш, синхронды жүзу - екі, жаңа заманғы бессайыс - екі, садақпен оқ ату - екі, оқпен және стендті ату - бес, таэквондо - үш, теннис - екі (Галина Воскобоева жалғыз өзі және Ярослава Шведовамен жұп болып), үстел тенисінен - бір, ауыр атлетика - сегіз және семсерлесуден - бір адам барады.

Еске салайық, қазақстандық атлеттер Риодағы Олимпиадада жаңа киім үлгісімен шығады. Ол 2016 жылғы бекітілген формадан әлдеқайда ашық түсті. "Қазірден айтайын, өзгеріске тек түстер ғана енді. Форма жасалған фасоны, дизайны, материалын өзгерткен жоқпыз. Бірінші кезекте біз ұлттық түстерге сүйендік. Сондықтан форманың түсі туымыз секілді көгілдір болады. Барлығына белгілі әлемдік старттарда мемлекет форма арқылы танылады. Наурыз айында бекітілген үлгіні өзгерту комиссия құрамының шешімі, оның ішінде атақты спортшылар да бар. Сонымен қатар, ашық түсті тондар Қазақстанның санитарлық дәрігерінің өтініші бойынша өзгертілген. Бұл шара Зика ауруына байланысты жасалған. Сондықтан қолдарымен спорттық киімнің көп бөлігі ашық түсте болады. Сондай-ақ, денесінің көп бөлігі киіммен жабық болады деп шешім қабылданған", - деді Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз өкілі Бақытбек Хамит.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети