06 тамыз 2016 08:58

Рио-де-Жанейрода Олимпиаданың ашылу салтанаты болып өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рио-де-Жанейроның атақты "Маракана" стадионында XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты болып өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Рио-де-Жанейроның атақты "Маракана" стадионында XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты болып өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шоудың қоюшысы бразилиялық режиссер Фернанду Мейрейллеш, ол 2002 жылы "Құдай қаласы" фильмі үшін "Оскар" жүлдесіне ұсынылған еді. Шараның бюджеті 20 миллион доллар болды, бұл Лондондағы 2012 жылғы шараға жұмсалған қаражаттан екі есе аз. Шоуға 35 мың әртіс жұмылды, оның ішінде бразилиялық 12 самба биі мектебінің өкілдері бар.

Ұйымдастырушылар Бразилияның табиғатын, әртүрлілігін және қуанышын көрсетті. Бастапқыда елдің әнұраны шырқалып, кейін елдің бірнеше ғасыр бойындағы даму жолы көрсетілді. Мұнда бірінші эмигранттардың келіп, ХХ ғасырдағы экономикалық қарқынды даму жолы қойылды. 

Көріністердің біріне белгілі супермодель Жизель Будхен қатысты. 36 жастағы Бюндхен ашылу салтанатында Риодағы жағалаулардың бірі Ипанемадан шыққан қызды сомдады. Бұл дефиле оның мансап жолындағы соңғысы болды. 

Осыдан кейін ұйымдастырушылар әлем назарын жаһан проблемаларына аударды. Әртістер жаһандық жылудың Риоға және бүкіл ғаламшарға қандай қауіп-қатер туғызуы мүмкін екенін көрсетті. Кейін спортшылардың шеруі басталды. Оған 207 елден 12 000 адам қатысты. Бұл - рекорд.

Бірінші болып Олимпиада ойындарының негізін қалаған Грекия құрамасы шықты. Бұдан соң командалар әліппе тәртібінде шыға бастады. Қазақстан құрамасының туын таэквандошы Руслан Жаппаров ұстады. Шеруді Бразилия құрамасы аяқтады.  

Шеруден кейін шараның ең қызықты бөлігі бастады. Олимпиада шеңберлері құралып, отшашу болды. Кейін Ойындардың ұйымдастыру комитетінің төрағасы Карлос Нузман мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах сөз сөйледі. Кейін Бразилия президенті сөз сөйлеп, Ойындардың ашылуын жария етті. 

Олимпиада 21 тамызда аяқталады. Бұл Оңтүстік Америка территориясында өткізіліп отырған бірінші Олимпиада екен. Жарыстарда спортшылар 306 комплект медальға таласады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети