23 тамыз 2016 16:55

Ресейлік спортшылар Риодағы Паралимпиададан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gazeta.ru © gazeta.ru

Спорт арбитраж соты (CAS) ресейлік спортшыларды Рио-де-Жанейрода 7-нен 18-не дейін өтетін Паралимпиада ойындарынан шеттетті, - деп хабарлайды "Риа Новости".


Спорт арбитраж соты (CAS) ресейлік спортшыларды Рио-де-Жанейрода 7-нен 18-не дейін өтетін Паралимпиада ойындарынан шеттетті, - деп хабарлайды "Риа Новости".

Арбитраж ресейліктердің Халықаралық паралимпиада комитетіне (IPS) Ойындардан атлеттерді шеттету әрекетіне жазған шағымын қанағаттандырмады.

Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің тәуелсіз комиссиясын (WADA) басқаратын Ричард Макларен 18 шілдеде Ресейде антидопинг жүйесінің мемлекеттік деңгейде жүріп жатқанын мәлімдеген. Ол өзінің есебінде 2012-2015 жылдар аралығында допингі расталған 35 ресейлік паралимпиадашылардың сынамалары іс-түссіз жоғалып кеткенін айтқан.

Осыдан кейін WADA Халықаралық паралимпиада комитеті (IPS) Ойындардан ресейлік спортшыларды шеттетуді ұсынған. IPS 7 тамызда агенттіктің ұсынысымен келіскен. Ресейдің паралимпиада комитеті Спорт арбитраж сотына шағым түсірген. 

Ресей тарапы бұл IPS шешімін адамгершілікке жатпайтын, зұлым деп атаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети