25 тамыз 2016 10:09

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычкоға үш бөлмелі пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rudnet.kz © rudnet.kz

Риодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычконы өзінің туған жері Қостанай облысы Рудный ауылында қызыл кілеммен күтіп алды, - деп хабарлайды Rudnet.kz.


Риодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычконы өзінің туған жері Қостанай облысы Рудный ауылында қызыл кілеммен күтіп алды, - деп хабарлайды Rudnet.kz.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған Иван Дычконы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Рудный ауылының әкімі Бақытжан Ғаязов пен облыс әкімінің орынбасарлары құттықтады. Содан жүлдегерге облыс орталығында орналасқан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Сондай-ақ, осыған дейін "Наша газета" басылымы Қостанайда өткен баспасөз конференциясы кезінде Дычко бокстан кетпейтінін айтып өткен еді. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Иван Дычко Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Жартылай финалда қазақстандық спортшы ағылшынның 30 жастағы боксшысы Джо Джойспен жұдырықтасты. Бірінші раундта үш төреші де Дычко басым болды деп шешті. Екінші раунда екі боксшының да шаршап қалғаны байқалды. Сөйтіп, есеп теңесті. Қорытынды раундты төрешілер ағылшынның пайдасына шешті. Жекпе-жек қорытындысында Джо Джойс жеңіске жетіп, финалға шықты. Ал Дычко Қазақстан қоржынына 16-шы медалді салды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети