15 қараша 2016 14:01

10 жылда Қазақстанға қанша шетелдік спортшының ауысып келгені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© caravan.kz © caravan.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Қазақстанның 10 жылда қанша шетелдік спортшыны ел атынан жарыстарға қатыстырғаны туралы айтып берді, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері Қазақстанның 10 жылда қанша шетелдік спортшыны ел атынан жарыстарға қатыстырғаны туралы айтып берді, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

"Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларға көрсетілген уақыт аралығында (2006-2016 жылдар) 38 шетелдік спортшы Қазақстан атынан шықты. Бұл спортшылар әдетте өзі айналысатын спорт түрінен өз еліндегі рейтингте төрттен алтыншыға дейінгі орындарды алған және халықаралық спорт сайыстарында өз елінің атынан шыға алмаған", - делінген редакцияның ресми сауалына министрліктің берген жауабында. 

Сонымен бірге, шақырылған спортшылардың Қазақстанда өз спорт түрлері бойынша рейтингте бірінші және екінші орында болып, ресми халықаралық сайыстарда Қазақстан Республикасы атынан шығуға құқық алып отырғаны айтылады. Ауысқан спортшылардың облыстық спорт басқармалары шақырған және елдегі өмір сүру жағдайы мен оқу-жаттығу үдерісін қамтамасыз еткен де осы басқармалар. 

"Спортшының ауысып келгендегі қаржылық жағына қатысты шарттары тікелей облыстық спорт бақармаларымен жасалған келісімде көрсетіледі. Ресми халықаралық сайыстарда жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда мұндай спортшыларға Қазақстан Республиасының заңнамасына сай сый берілді", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети