03 мамыр 2019 12:40

12-нің 11-і жеңімпаз: Қазақстандық файтерлер Азия біріншілігінде үздік нәтиже көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР аралас жекпе-жек федерациянан Сурет ҚР аралас жекпе-жек федерациянан

Азия чемпионатында аралас жекпе-жектен (ММА) 12 жекпе-жектің 11-інде қазақстандық спортшылар жеңіске жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР аралас жекпе-жек федерацияның баспасөз қызметінен.


Азия чемпионатында аралас жекпе-жектен (ММА) 12 жекпе-жектің 11-інде қазақстандық спортшылар жеңіске жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР аралас жекпе-жек федерацияның баспасөз қызметінен.

2019 жылы 1 мамырда Бангкоктағы (Тайланд Корольдігі) ММА-дан Азия чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан құрамасы 13 елден жиналған қарсыластарын ойсырата жеңді. 12 жекпе-жектің 11-і біздің спортшылардың жеңістерімен аяқталды.

Чемпионаттың жартылай финалына Әділхан Аязбаев, Дархан Өмірбеков, Дастан Амангелді, Олжас Молдағалиев, Еламан Шалқымбеков, Анатолий Золотых, Мәжит Сардаров, Неймат Асадов, Айдын Төлепбаев, Александр Вал, Мәди Досмұхамедов өтті. 12-боксшы Александр Дя жартылай финалға автоматты түрде өтті, өйткені оның қарсыласы медициналық куәландырудан кейін жарыстан шығарылды.

"Барлық KAZMMA командасына, Федерацияның Бас директоры Уәлихан Тен мен Қазақстан ММА федерациясыныңпрезиденті ҒалымжанЕсеновкеүлкеналғысымыздыбілдіреміз. Біздің алдағы мақсат - Тайландтан көбірек медаль алып келу!", - делінген құраманың ұжымдық жолдауында.

Айта кетейік, ММА-дан Қазақстан чемпионы Еламан Шалқымбеков Азия чемпионатында Бахрейннен келген Абдулманап Магомедовты жеңіп қана қоймай, терең бассейнге батып бара жатқан Үндістанның азаматын құтқарып өзінің батылдығымен тағы біресте қалды.

Еске салайық, 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстанда жаңақұрылым - "Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығы" құрылды. Оған Қазақстан ММА аралас жекпе-жек Федерациясы, аралас жекпе-жек ұлттық федерациясы, панкратион және грэплинг және NOMAD MMA федерациясы кірді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети