25 желтоқсан 2019 13:06

2 күннен кейін Altel Cyber Games: PUBG Mobile финалы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздегі кибер-ойындар бойынша жылдың басты финалы - Altel Cyber Games: PUBG Mobile ақтық ойынына дейінгі кері санақ басталды, ол 2019 жылғы 27-29 желтоқсанда болады.


Еліміздегі кибер-ойындар бойынша жылдың басты финалы - Altel Cyber Games: PUBG Mobile ақтық ойынына дейінгі кері санақ басталды, ол 2019 жылғы 27-29 желтоқсанда болады.

Қатысуға 250-ден аса өтінім берілді. Онлайн-трансляциялардың мыңдаған көрермені мен экран алдындағы ойын әуесқойлары - турнир туралы деректердің толық емес тізімі.

Кибер-спорттық турнирлердің тарихы 1997 жылдан бастау алады. Ол кезде онлайн-шутерлер кеңінен тарай
бастаған болатын. Америкалық Эйнджел Муньез ойын үдерісіне әсерлі ойын-сауық сипатын беруді ойлайды. Ол жария жарыстарды ұйымдастырумен және оларды тікелей трансляциялаумен айналысуды шешеді, осы мақсатта 1997 жылғы 26 маусымда "кибер-спорттық кәсіби лига" ұйымын құрады.

Соңғы кездері ұялы телефондарға арнап әзірленген ойындар кеңінен таралуда. Бұның себебі - мобиль ойындар қазірдің өзінде ойын нарығының 46 пайызын иемденіп, үстел үстілік және консольдық ойындармен салыстырғанда өсудің жоғары қарқынын көрсетуде (жылына +9.7 пайыз). Сонымен қатар, қазіргі сәтте мобильді цифрлық сигналға қол жеткізу мүмкіндігін ғаламның 95 пайыздан аса тұрғыны иемденеді.

Кеңінен таралу деңгейі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі - PUBG Mobile ойыны болып табылады, бұл ойынды күн сайын жүз мыңдаған қазақстандық ойнайды. Біздің киберспортшылар осы пән бойынша жаһандық турнирлерде үздік ондыққа кіреді.

Екі күннен соң Altel Cyber Games: PUBG Mobile турнирінің іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша анықталған 12 финалист жеңіске жету үшін және 4 миллион теңгені құрайтын жүлде қоры үшін шайқаста кездеседі. Көшбасшы атағын жеңіп алу үшін оларға әлемдік деңгейде танымалдыққа ие болған 4 команда қосылады, олар - жарыс ұйымдастырушыларынан тікелей шақыру алған Goskilla, BRO, ARIEN Gaming, Marauders ұжымдары. Altel Cyber Games:PUBG Mobile финалын 27-29 желтоқсанда келесі арналардан көруге болады: https://youtube.com/pingerpro және https://www.twitch.tv/pingerpro.

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети