20 жастағы гимнаст қыз жаттығу кезінде құлап, қайтыс болды

13 Қараша, 09:22
0
20 жастағы гимнаст қыз жаттығу кезінде құлап, қайтыс болды -

АҚШ-тың Коннектикут штатында 20 жастағы гимнаст қыз жаттығу кезінде құлап, қайтыс болды, - деп хабарлайды Fox News қыз бала оқыған университет өкілдеріне сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 8 қарашада Мелани Коулман жаттығу кезінде қоссырықтан (брусья) құлаған. Ол омыртқасын зақымдап, ауруханаға жеткізілген. Екі күн өткен соң гимнаст қыз қайтыс болған. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмаған. 


© WABC-TV

Қыз баланың бұрынғы бапкері Томас Альберти жаттығу кезінде болған бұл жағдайды "қайғылы оқиғамен аяқталған тосын жағдай" деп атады. 

Мелани Коулман гимнастикалық команданың капитаны және Олимпиада ойындарына мемлекеттік дайындық бағдарламасының қатысушысы болған. Былтыр оның өнерін тамашалаған АҚШ гимнастика федерациясы қыздың талантты екенін байқаған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай