Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Astana Arlans пен German Eagles клубтары арасындағы жекпе-жекке қатысатын боксшылар анықталды

20 Наурыз 2014, 10:11
0
Сурет:  WSB сайтынан
Сурет: WSB сайтынан
WSB сериясының төртінші маусым ширек финалында кездесетін "Astana Arlans" командасы мен "German Eagles" клубы арасындағы жекпе-жекке қатысатын боксшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ханау қаласында өтетін бұл командалардың арасындағы жекпе-жекте бірінші болып 49 келідегі былғары қолғап шеберлері шығады. Неміс командасы бұл салмақта румыниялық легионері Овидиу Берцянуды шығарса, "арландар" намысын Мардан Берікбаев қорғайды. 56 келі салмақта Мейірболат Тойытов пен ирландиялық боксшы Майкл Конлан айқасады.

64 келіде біз Асхат Уалиханов пен Артем Харутюнянның жекпе-жегін тамашаласақ, 75 келі салмақта Роберт Радован WSB жобасының жекелей сынында екі мәрте үздік атанған "арлан" - Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады. Ал жартылайай ауыр, яғни 91 келіде Василий Левит пен Артур Манн қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, WSB сериясының төртінші маусымының топтық кезең қорытындысы бойынша, "Астана арландары" "А" тобында екінші орын алды. Біздің топта бірінші орынды алған Cuba Domadores командасы ширек финалда америкалық USA Knockouts клубымен жолығады. Ал, ширек финалға шыққан өзге жұптарда ресейлік "Russian Boxing Team" командасы украиналық "Ukraine Otamans" ұжымымен, әзірбайжандық Baku Fires италиялық Italia Thunder командасымен кездеседі.





Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай