Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Davis Cup Астанада

30 Қаңтар 2014, 16:21
0
Қазақстан теннис құрамасы. Сурет daviscup.com сайтынан
Қазақстан теннис құрамасы. Сурет daviscup.com сайтынан
Қаңтардың 31-і мен ақпанның 2-сі аралығында Астанада "Дэвис кубогының" 1/8-финалы аясында Қазақстан мен Бельгия теннисшілері кездеседі. Осыған орай, Елордада жеребе тарту рәсімі өтіп, кортта кімдердің кездесетіндіктері белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Турнирдің шымылдығын қазақстандық Михаил Кукушкин мен бельгиялық Рубен Бемельманс ашады. Одан кейін Андрей Голубев пен Давид Гоффен шеберлік байқасады.

Ертеңінде командалар жұптасып өнер көрсетудің үздіктерін анықтайды. Евгений Королев пен Денис Евсеевтің дуэтіне Оливье Рохус пен Киммер Коппеянс тандемі қарсы тұрмақ.

Ал үшінші күні кортта Кукушкин Гоффенмен кездессе, Голубев Бемельманспен ойнайды.

Айта кетейік, Бельгияның бірде-бір теннисшісі АТР рейтингінің үздік жүздігіне кірмейді. Ал ең шебері Давид Гоффен 113-ші сатыда. Ал Қазақстан сапынан бірден үш теннисші үздік жүздіктің қатарынан орын алған. Михаил Кукушкин 67-орынға табан тіресе, Андрей Голубев 88-сатыға, Александр Недовесов 95-сатыға тұрақтаған.

Сонымен, елордамыздың Ұлттық теннис кортында өтетін Қазақстан мен Бельгия арасындағы текетірестің жекелей сындары күн сайын Астана уақытымен сағат 12:00-де, ал жұптасып өнер көрсету сағат 14:00-де басталады. Билет бағасы 500 теңге.

Жалпы, 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Қазақстан - Бельгия кездесуінен бөлек "Дэвис кубогының" үздіктер дивизионы додасында тағы жеті текетірес өтеді: Чехия - Голландия, Жапония - Канада, Германия - Испания, Франция - Аустралия, АҚШ - Ұлыбритания, Аргентина - Италия және Сербия - Швейцария.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай