ESPN сарапшысы Данияр Елеусінов туралы пікір білдірді

27 Мамыр, 18:06
0
ESPN сарапшысы Данияр Елеусінов туралы пікір білдірді - © Matchroom Boxing
© Matchroom Boxing

ESPN арнасының америкалық танымал журналисі Стив Ким жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) соңғы жекпе-жегіне қатысты пікір білдріді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен демалыста АҚШ-тың Оксон-Хилл қаласында Елеусінов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен чилилік Луис Норамбуэнаны (3-2-1, 0 КО) жеңді. Бұл қазақстандықтың кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі. 

"Бұл Елеусіновтің жақсы жекпе-жегі деуге болады. Жақын қашықтықтан жұдырықтасудан қорықпай, іске кірісті. Әзірге кәсіпқой боксқа икемделу қиындау болып тұр, бірақ, таланты бар", - деп жазды Ким твиттер желісінде.




Қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиев Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 27 шілдеге жоспарланғанын хабарлады. Кездесу Техаста өтпек.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай