Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Off Road Kazakhstan экипажы Africa Eco Race-2015 бірінші кезеңінде екінші орын алды

31 Желтоқсан 2014, 12:58
0
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz
©vesti.kz

Off Road Kazakhstan командасының атынан шыққан Андрей Чередников пен Дмитрий Цыро Africa Eco Race-2015 ралли-марафонының бірінші кезеңінде екінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2018 нөмірмен Hummer H3 прототипінде жарысқан Қазақстан-Украина дуэті Надордан Буднибке дейінгі арнайы аумақ болып саналатын 117 шақырымды 1 сағат, 37 минут және 19 секундта жүріп өтті. Олар осылайша Бельгияның жеңімпаздары Жаки Луманс пен Фриц Дрисманнан бар-жоғы 4 секундқа қалыс қалды.

Т1 тобында үшінші болып мәреге Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов келді (216), олар Hummer H3 портотипінде жарысты, бірақ Mobilex Racing Team командасының атынан шықты. Сазонов-Сахимов жұбы жеңімпаздардан 21 секундқа қалды. Mobilex Racing Team командасының тағы бір тобы - Қанат Шәгіров пен Александр Мороз (215) Toyota Hilux Overdrive прототипімен бір сағат, 55 минут және 17 секундта мәре сызығын кесті. Олар Т1 тобында сегізінші орында келді.

Off Road Kazakhstan командасынан Nissan Patrol автомобилімен жарысқа түскен Марат Әбіқаев пен Андрей Чипенко (217) бұл қашықтықты екі сағат, 21 минут және 48 секундта жүріп өтіп, Т2 тобында алтыншы орыннан көрінді. Жалпы есепте Чередников - Цыро жұбы екінші орын, Сазонов - Сахимов - төртінші орын, Шәгіров - Мороз - 15-орын, Әбіқаев - Чипенко жұбы 30-орын алды. Africa Eco Race-2015 ралли-марафонының бірінші кезеңінің толық қорытындысын мына жерден оқуға болады. 

Africa Eco Race-2015 ралли-марафоны 28 желтоқсанда басталды, жарыс 2015 жылдың 11 қаңтарында Дакардағы Қызлғыт көлінде аяқталады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай