UFC-дің танымал файтері Ронда Роузидің үйлену тойы Гавай аралдарында өтті

30 Тамыз 2017, 22:14
0
UFC-дің танымал файтері Ронда Роузидің үйлену тойы Гавай аралдарында өтті -

Аралас жекпе-жектен танымал файтер Ронда Роузи отандасы Трэвис Браунға тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды TMZ Sport. 30 жастағы Ронда мен 35 жастағы Трэвистің тойы Гавай аралдарында өткен демалыстарда болды. 

Қалыңдық Galia Lahav деген модельердің арқасы ашық торлы ақ көйлегін киді, ал күйеу жігіт ақ жейде мен ақшыл сары шалбар таңдады.

Салтанатты шараның суреттері Роузидің және оның стилисі Авраам Эсперансаның Instagram желісіндегі парақшаларында жарияланды. 

Ронда Роузи - аса жеңіл салмақта тұңғыш рет UFC  белбеуін жеңіп алған файтер. Оның қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жанкүйері екенін айта кетейік. Америкалық UFC-де 14 жекпе-жек өткізген, оның 12-сінде жеңіске жеткен.

Трэвис Браун да Абсолют файтерлер чемпионатында өнер көрсетеді. Ол 18 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жетеуінде жеңіліс тапқан және біреуінде тең түскен. Жұп 2015 жылдан бері кездесіп жүр. Олар Калифорниядағы жаттығу лагерінде танысқан. Ал соңғы уақытта екеуі де Эдмонд Тарвердянның қоластында жаттығады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай