22 сәуір 2017 10:36

UFC жұлдызы Ронда Роузи тұрмысқа шыққалы жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ронда Роузи. © Eurosport Ронда Роузи. © Eurosport

Геннадий Головкиннің жанкүйері, жеңіл салмақта UFC экс-чемпионы, америкалық Ронда Роузи тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы TMZ Sport басылымына сілтеме жасап. 


Геннадий Головкиннің жанкүйері, жеңіл салмақта UFC экс-чемпионы, америкалық Ронда Роузи тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы TMZ Sport басылымына сілтеме жасап. 

Оған UFC-де ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық Трэвис Браун ұсыныс жасаған. 

"Біз Жаңа Зеландиядағы сарқырамада болдық, сол кезде ұсыныс жасау керек екенін сездім", - деді Браун.

Жұп 2015 жылдан бері кездесіп жүр екен. Олар Калифорниядағы жаттығу лагерінде танысыпта, соңғы уақыттарда екеуі бапкер Эдмонд Тарвердянның қоластында жаттығыпты. Алайда әзірше үйлену тойы қашан болатыны белгісіз.

Ронда Роузидің өзі дүркіретіп той өткізгісі келмейтінін мәлімдеді. 

"Той таяуда болады. Ұйымдастыру мәселесін ойласу қажет. Безендірілу мен гүлдердің болғанын қаламаймын. Жақыныммен екеуара кеш өткізгім келеді", - деді Роузи.

30 жастаығы Роузи жеңіл салмақтағы UFC белбеуінің бірінші иегері. 14 жекпе-жекте ол 12 рет жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліс тапқан. Соңғы екі жекпе-жегінде Роузи сәтсізікке ұшыраған. 2015 жылдың қарашасында оны отандасы Холли Холм қылғындыру арқылы жеңсе, 2016 жылдың желтоқсанында бразилиялық Аманда Нуньес оны 48 секунд ішінде жеңіп шықты.  

Ал оның болашақ күйеуі Браун 25 жекпе-жек өткізіп, 18-інде жеңіске жеткен және алты рет жеңілген, тағы бір жекпе-жегінде тең түскен. 

Айта кетейік, 2014 жылы Браун Роузидің бұрынғы жігіті Брендан Шаубты жеңген. Басылымның мәліметінше, Роузи бірінші рет некелескелі жатыр, ал Браун бұрын үйленген. Бұған дейін ол фитнес-модель Дженна Рени Уэбпен отау құрған. Браунның екі баласы бар екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети