Vesti.kz "Астана арландар" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді

03 Наурыз 2017, 13:06
0
Vesti.kz "Астана арландар" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді - © vk.com/astana_arlans
© vk.com/astana_arlans

Vesti.kz тікелей эфирде Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында кездесетін "Астана арландары" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы кездесуді тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл екі команда арасындағы кездесу 4 наурызда Атырау қаласында өтеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 18:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде ғаламтор арқылы мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

Жекпе-жекке шығатын боксшылардың тізімі:

49 келі: Теміртас Жүсіпов - Дзюньдзюнь Хэ
56 келі: Ілияс Сүлейменов - Лун Ван
64 келі: Ділмұрат Мижитов - Ян Лю
75 келі: Сапарбай Айдаров - Минган Жао
91 келі: Антон Пинчук -Сергей Новиков.

Айта кетейік, бұл "Астана арландарының" биылғы жобадағы үшінші кездесуі болмақ. Бұған дейін елордалық клуб "Өзбек жолбарыстары" мен "Ресей патриоттары" командасымен кездесіп, жеңіске жеткен еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай