10 қаңтар 2017 17:06

Vesti.kz оқырмандары 2016 жылдың үздік спортшысын таңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Vesti.kz оқырмандары 2016 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік спортшы деп Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левитті таңдады.


Vesti.kz оқырмандары 2016 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық үздік спортшы деп Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левитті таңдады.

Арнайы дауыс беру кезінде Левит 2104 дауыс жинады. Екінші орынды кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин иеленді (1856 дауыс), ал үшінші орынды - Олимпиада ойындарында жүзуден чемпион атанған Дмитрий Баландин (911 дауыс) қанжығасына байлады. 

2016 жылдың "Жыл спортшысы" атағына 13 үміткер таңдап алынды:

1. Василий Левит (бокс) - 2 104 дауыс.
2. Геннадий Головкин (кәсіпқой бокс) - 1 856.
3. Дмитрий Баландин (жүзу) - 911.
4. Данияр Елеусінов (бокс) - 457.
5. Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) - 153.
6. Елдос Сметов (дзюдо) - 146.
7. Зульфия Габидуллина (паралимпиадалық жүзу) - 114.
8. Бауыржан Исламхан (футбол) - 105.
9. Жәзира Жаппарқұл (ауыр атлетика) - 61.
10. Әділбек Ниязымбетов (бокс) - 51.
11. Абзал Әжіғалиев (коньки спорты) - 49.
12. Гюзель Манюрова (әйелдер күресі) - 48.
13. Нижат Рахимов (ауыр атлетика) - 45.

Еске салайық, Рио Олимпиадасының бокс турнирінің ақтық кездесуінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ресейлік Евгений Тищенко қазақстандық Василий Левитті 3-0 есебімен жеңді деп тапқан еді. Кейін бұл жекпе-жек турасында халықаралық дау туындап, бокс әлемінің мамандары шешімнің әділ болмағанын мәлімдеп жатты. Ал кейін Халықаралық әуесқой бокс федерациясы осы жекпе-жекте төрелік еткен төрешілерді Олимпиаданың соңына дейін шеттеткен болатын. Алайда төрешілердің шешімі өзгеріссіз қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети