Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Афины марафонында кениялық спортшы рекорд жаңартты

09 Қараша 2014, 20:16
0
pamtours.gr сайтынан
pamtours.gr сайтынан

Афины марафонының классикалық қашықтығы (42 шақырым 195 метр) бойынша жаңа рекорд орнатылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алтын медальді 2 сағат 10 минут 35 секундтық нәтижемен Феликс Канди иеленді. Бұған дейінгі ректордты 2004 жылғы Олимпиадада итальян Стефано Бальдини 2 сағат 10 минут 55 секундтық нәтижемен жаңартқан еді. Сайыс жеңімпазы 7 мың еуро тұратын ақшалай сыйлықтан бөлек, рекорд жаңартқаны үшін 5 мың еуро ақшалай сыйақыға ие болды. Екінші болып мәре сызығын осыған дейін классикалық қашықтықта екі рет жеңімпаз атанған Раймонд Бетт (2 сағат 12 минут 34 секунд) кесті, ал үшінші орын Жосфе Чобейге бұйырды (2 сағат15 минут 35 секунд).

Марафондық қашықтық Марафоннан басталып, Афины қаласының орталығында орналасқан Мәрмәр стадионында аяқталды. Дәл сол стадионда 1896 жылы тұңғыш рет Олимпиада ойындары өткізілген. Классикалық қашықтықтан бөлек, Афины қаласы көшелерімен өтетін 5 және 10 шақырымдық жүгіру сайыстары да ұйымдастырылған. Бұл сайыстарға 35 мыңға жуық адам қатысатын болған. Марафон қарапайым тұрғындар арасында танымалдыққа ие болғаны соншалық, оны көруге 55 мыңдай адам жиналған.

Афины марафоны осымен 32-рет өткізіліп отыр. Биыл ол өз атауын өзгертті. Бұрын "классикалық марафон" деп аталса, бұдан былай "нағыз марафон" (The Athens marathon. The authentic) деп аталатын болады. Бұл атау сайыстың өз алдына ерекше екенін, жалғыз екенін, бірегей екенін және Марафон деп аталатын шағын қалашықтан бастау алғанын көрсетуі үшін ауыстырылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай