10 шілде 2014 14:45

"Ақтөбе" ФК капитаны жанкүйерлерден кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петр Бадло. Фото: prosport-ru.tsn.ua Петр Бадло. Фото: prosport-ru.tsn.ua

"Ақтөбе" футбол клубының капитаны Петр Бадло команданың барлық өкілінің атынан "Қайраттан" тас-талқан болып жеңілгендері үшін және соңғы матчтардағы сүреңсіз ойындары үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Ақтөбе" футбол клубының капитаны Петр Бадло команданың барлық өкілінің атынан "Қайраттан" тас-талқан болып жеңілгендері үшін және соңғы матчтардағы сүреңсіз ойындары үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кешірімді бірден матч біткеннен соң сұрау керек екендігін түсінемін, бірақ, сеніңіздер, сол кезде барлығымыз да есеңгіреп қалдық. Эмоцияға беріліп, артық сөз айтып жібермеу үшін біз үзіліс жасап, ойымызды жинақтап, дұрыс жеткізуді жөн санадық", - дейді Бадло.

Ал команданың жанкүйерлерге арнап жариялаған хабарламасында, қазір клуб қиын кезеңді басынан өткеріп жатқанын жеткізеді. "Біз әрдайын жұдырықтай жұмылған ұжым ретінде мықты болып келдік, сондықтанда біз қазір өз-өзімізге келіп, бұрынғы деңгейде өнер көрсетуге тырысамыз. Біз Қазақстандағы ең мықты деген өз жанкүйерлерімізге ризамыз. Сіздер бізбен тек жеңісті күндерде ғана емес, сәтсіздікке ұшыраған кезде де біргесіздер. Дәл қазіргі уақытта бізді қолдап жатқандарға алғысымызды білдіреміз. Біз көшбасшылықты қайтарып алу үшін қолымыздан келгенін жасаймыз", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, "Ақтөбе" клубы футболдан Қазақстан біріншілігінің 19-туры аясында сырт алаңда "Қайраттан" 1:7 есебімен жеңіліп қалған еді. Бұл жеңілістен кейін Қазақстанның қазіргі чемпиондары бірінші орыннан түсіп қалды. Ал ол кездесуде жеңіске жеткен "Қайрат" 36 ұпай жинап, турнирлік кестенің бірінші сатысына шықты.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети