08 қазан 2015 20:26

Алексей Ни АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдердің баратынын жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Ни. © confederation.kz Алексей Ни. © confederation.kz

Бас бапкер Алексей Ни АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдердің баратынын жария етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бас бапкер Алексей Ни АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдердің баратынын жария етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Құрамға іріктеу атлеттердің ҚР-ның өткен Спартакиадасындағы көрсеткен өнерлерінің негізінде болған. Сонымен, Хьюстонға ерлер арасында мына ауыратлеттер барады: Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Дмитрий Уланов (85 келіге дейін), Жасұлан Қыдырбаев (94 келіге дейін), Алмас Өтешов (94 келіге дейін), Александр Зайчиков (105 келіге дейін) және Селімхан Әбубәкаров (105 келіден жоғары).

Сонымен қатар, Айдар Қазов (77 келіге дейін) пен Ермек Өміртай (85 келіге дейін) АҚШ-қа резерв құрамында барады. Айта кетейік, әлемнің төрт дүркін чемпионы Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин бұл біріншілікке қатыспайды, оның орнына Ильин Ресей Федерациясының Президент Кубогына қатысады. Бұл жарыс Грозныйда өтеді.   

Әйелдер құрамасы келесідей: Маргарита Елисеева (53 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін), Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін), Светлана Подобедова, Анна Нұрмұхамбетова (екеуі де 75 келіге дейін), Надежда Ногай және Александра Аборнева (екеуі де 75 келіден жоғарғы категорияда). Резервте Әсем Садықова (58 келіге дейін) және Екатерина Столяренко (69 келіге дейін).

Еске салайық, ауыр атлетикадық әлем чемпионаты АҚШ-та Хьюстон қаласында 20-29 қараша аралығында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети