06 желтоқсан 2016 19:05

Алексей Ни ҚР құрамасына жаңадан келген бас бапкердің қандай адам екені туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Ни © "Астана Спорт" Алексей Ни © "Астана Спорт"

Қазақстанның ауыр атлетикадан бұрынғы жаттықтырушысы Алексей Ни жаңадан келген Юрий Мельниковтың қандай адам екенін айтып, күшті жақтарын атап өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстанның ауыр атлетикадан бұрынғы жаттықтырушысы Алексей Ни жаңадан келген Юрий Мельниковтың қандай адам екенін айтып, күшті жақтарын атап өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Маманның айтуынша, Мельников - өте тәжірибелі жаттықтырушы, 30 жыл бойы ол біршама әлемдік деңгейдегі спорт шеберлерін тәрбиелеп шығарды. "Ол Сергей Копытов, Вячеслав Ню, Татьяна Хромова, Бахыт Ахметов, Алла Важенина сияқты еңбек сіңірген спорт шеберлерін дайындап шығарды. Важенина Бейжің Олимпиадасының чемпионы болды. Мельников барлық Олимпиада ойындарында өз спортшыларын дайындады, - дейді Ни. "Мельниковтің бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалуы өте дұрыс шешім деп есептеймін, оның халықаралық тәжірибесін және басқарудағы тәжірибесін еске алсақ, оның тағайындалғаны дұрыс деп есептеймін. Ол Қазақстан құрамасын халықаралық жарыстарда лайықты түрде көрсетеді деп сенемін", - деді маман. 

Еске салайық, 25 қарашада Алексей Нидің Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кететіні белгілі болған еді. Оның басшылық еткен тұсында команда алты Олимпиадада және 15 әлем чемпионатында помостқа шыққан болатын. Кейін, 2 желтоқсанда бас бапкердің міндетін атқарушы қызметіне Юрий Мельниковтің тағайындалғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети