Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудин қазақстандық әріптестеріне мастер-класс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасай отырып. Ресейлік спортшыға Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен және әлем чемпионы Брайан Жубер көмектесті. Семинар 5 күн бойы жүрмек.

Алексей Ягудиннің қатысуымен өтетін мастер-класқа үлкендер де, балалар да қатыса алады. Айта кетейік, ресейлік және франциялық мәнерлеп сырғанаушылар "Денис және Достары. Олимпиадалық қуат" атты шоуға қатысуға арнайы келген болатын. Қазақстандықтардың сұрауы бойынша олар елімізде бірнеше күнге қалды.
Денис Теннің айтуынша, Алексей мен Брайан мастер-класс өткізіп қана қоймай мәнерлеп сырғанаушыларға арнап арнайы бағдарлама жасамақ. Семинарға қатысқан мәнерлеп сырғанаушылар кәсіби спортшылардың көрсеткен жаттығуларына бір жыл бойы дайындалып, олардың кеңестерін назарға алмақ. Болашақта мұндай семинарларды жиі ұйымдастырып отыру жоспарлануда.
"Бізде дарынды балалар өте көп. Мәнерлер сырғанау – азиялық спорт түрі. Таяуда өткен Олимпиада ойындарында жүлделі орындарды азиялықтар алды. Азиялықтардың дене бітімі мұзда конькимен сырғанауға өте ыңғайлы", - дейді Денис Тен.
Алексей Ягудиннің мастер-класының ақысы Денис Теннің "Денис және Достары. Олимпиадалық қуат" атты мұз шоуына сатылған билеттердің қаржысынан төленді. Шоу Алматыда 29,30 мамыр күндері, Астанада 1 маусымда өткен еді.