28 қазан 2014 14:52

"Әлем Барысы" бас төрешісі: Бізде қазақстандықтарға бұра тартуға еш себеп болған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айбек Нұғымаров. ©Vesti.kz Айбек Нұғымаров. ©Vesti.kz

Қазақ күресі бойынша "Әлем Барысы" халықаралық турнирінің бас төрешісі және ҚР мемлекеттік бапкері Марат Жақыт Павлодарда болған жарыстың даулы шешімдерді туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақ күресі бойынша "Әлем Барысы" халықаралық турнирінің бас төрешісі және ҚР мемлекеттік бапкері Марат Жақыт Павлодарда болған жарыстың даулы шешімдерді туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, әрбір эпизод ұлттық күрес ережесі бойынша шешілді. "Өзіміздің спортшыларға бұра тартуға себеп болған жоқ, біз әділ әрі ойластырылған шешім шығардық", - деді Жақыт. "Белдесуден кейін не болса соны айта беруге болады. Күрес алаңында не болса, біз соны бердік, Ешкімге бұра тартпадық. Неліктен тек осындайды ғана талқылайды? Кубалық Оскар Рене Брайсон Видал біздің Бейбіт Ыстыбаевапен күресіп жатқанда Бейбіттің пайдасына шешілген бастапқы шешімді кері қайтардым да кубалыққа бердім. Мұны ешкім байқаған жоқ, ал бірақ сол сәт даулы болған еді және екеуі де сәттілікке үмітті еді. Біз ақылдаса келе, Брайсон Видалдың пайдасына шештік, себебі оның әдістері жиірек болды", - деді "Әлем Барысының" бас төрешісі. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Айта кетейік, "Әлем Барысы" халықаралық турнирінде кубалық спортшы Оскар Рене Брайсон Видал жеңген болатын. Оның ақтық сындағы қарсыласы "Қазақстан барысы-2013" атағының иегері Айбек Нұғымаров шешуі сәтті қателік жасап, жеңіліп қалды. Қазақстандық тағы бір палуан Бейбіт Ыстыбаев төртінші орын алды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети