15 шілде 2014 21:49

Әлем кубогында екі мергеніміз бесінші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мария Дмитриенко. Фото: issf-sports.org Мария Дмитриенко. Фото: issf-sports.org

Жақында Бейжіңде нысана көздеу мен стенд атудан әлем кубогы өтіп, онда Қазақстан мергендері де сынға түсті. Өкінішке қарай, біздің спортшылар жүлделі орындарға ие бола алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Жақында Бейжіңде нысана көздеу мен стенд атудан әлем кубогы өтіп, онда Қазақстан мергендері де сынға түсті. Өкінішке қарай, біздің спортшылар жүлделі орындарға ие бола алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нысана көздеу мен стенд атудан Бейжіңде өткен әлем кубогында екі спортшымыз финалға шықты. Әйелдер арасындағы трап жаттығуында Мария Дмитриенко 3-орында тұрған еді. Алайда финалда сәл қобалжып, 5-орынға бір-ақ сырғыды.

Ал тапаншамен 10 метрден нысана көздеуде Рашид Юнусметов електік сында 7-орынға ие болып, финалда екі саты жоғарылып, 5-орынға иеленді (Финалға сегіз спортшы шыққан болатын).

Қалған спортшыларымыз финалға шыға алмады. Әрі винтовкамен нысана көздеуде біздің елдің спортшылары бақ сынаған жоқ.

Жалпы, нысана көздеу мен стенд атудан Бейжіңде өткен әлем кубогында Қазақстан мергендерінің көрсеткіштері төмендегідей болды:

10 м тапанша. Әйелдер
25-орын. Зәуреш Байбосынова
27. Юлия Комендра
30. Юлия Дришлюк
Барлығы 49 спортшы қатысты.

10 м тапанша. Ерлер
5. Рашид Юнусметов
32. Игорь Климов
Барлығы 49 спортшы қатысты.

25 м тапанша. Әйелдер
13. Юлия Дришлюк
20. Зәуреш Байбосынова
22. Юлия Комендра
Барлығы 41 спортшы қатысты.

25 м тапанша. Ерлер
11. Сергей Вохмянин
Барлығы 32 спортшы қатысты.

50 м тапанша. Ерлер
15. Владимир Исаченко
29. Рашид Юнусметов
33. Максим Мазепа
Барлығы 43 спортшы қатысты.

Трап. Әйелдер
5. Мария Дмитриенко
23. Оксана Седера
24. Анастасия Давыдова
Барлығы 31 спортшы қатысты.

Трап. Ерлер
18. Максим Коломиец
40. Руслан Бедров
46. Марк Почивалов
Барлығы 60 спортшы қатысты.

Скит. Ерлер
19. Виталий Куликов
23. Владислав Мухамедиев
38. Александр Ещенко
Барлығы 49 спортшы қатысты.

Скит. Әйелдер
21. Жәния Айдарханова
26. Эльвира Акчурина
– Ангелина Мищук (бұл сыннан аластатылды)
Барлығы 33 спортшы қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети