1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Алғашқы! Қазақстандық биатлоншы қыздар алтын және күміс медальдар алды

Алина Райкова. © numberczech.cz Алина Райкова. © numberczech.cz

Қазақстандық биатлоншы Алина Райкова Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 қысқы ойындарында жеке жарыста 15 шақырымда жеңімпаз атанды , - деп хабарлайды Vesti.kz.

Райкова екі рет мүлт кетіп, барлық жолды 59 минут және 48,7 секундта жүріп өтті. Оның артынша тағы бір қазақстандық Галина Вишневская (+2:21) келді, ол төрт рет мүлт кетті. Үздік үштікте украиналық Надя Белкина да бар (бес рет мүлт кетті, +2:23).

Қазақстанның басқа да өкілдері Дарья Усанова бес рет мүлт кетіп, мәре сызығын төртінші болып кесті, ал Елизавета Бельченко бесінші болып келді (төрт рет мүлт кетіп, +3:10). 

Еске сала кетейік, кеше, Анна Шевченко шаңғы жарысында қола медаль алған болатын. (бес шақырым қашықтыққа жеке жарыстан). Бұл қашықтыққа жүгіруден ресейлік Лилия Васильева 14.08.6 көрсеткішімен алтын медальді еншілесе, тағы бір ресейлік спортшы Анна Нечаевская күміс медальды алды.