16 наурыз 2018 15:48

"Алғашқы әрі соңғы жұдырықтасуы болады" - Джо Роган Мейвезердің ММА-ге шығуы жайында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джо Роган және МакГрегор. © ToFight.Ru Джо Роган және МакГрегор. © ToFight.Ru

UFC ұймының тұрақты комментаторы Джо Роган бес салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпион кіші Флойд Мейвезер аралас жекпе-жекте (ММА) жетістікке жете алмайды деген пікірде. 


UFC ұймының тұрақты комментаторы Джо Роган бес салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы чемпион кіші Флойд Мейвезер аралас жекпе-жекте (ММА) жетістікке жете алмайды деген пікірде. 

Мейвезер 2017 жылы бокс ережесі бойынша жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Конор МакГрегорды жеңген болатын. Мұның алдында олар ММА ережелері бойынша қарымта кездесу өткізу мүмкін екені айтылған. 

"Әрине Флойд UFC ұйымында жұдырықтаса алады, бірақ, алғашқысы әрі соңғысыда сол болмақ. Мейвезер боксшы ретінде МакГрегорды рингте қалай ойсыратса, Конор балуан ретінде оны жоқ қылады. Шынын айтсақ, кіші Мейвезерді МакГрегорға қарсы қою әділетсіз, Конор оны өлтіріп тастайды", - деп жазыпты Роган өзінің Joe Rogan Experience подкастында. 

Мұның алдында Мейвезер октогонға шығатынын тағы бір рет меңзеген. Америкалық жақын арада жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Тайрон Вудимен жаттыға бастайтынын мәлімдеген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети