20 сәуір 2018 14:35

Әлия Юсупова ажырасуы, қазақстандық спорт және Алина Қабаева жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал спортшы балалық шағы және гимнастикаға қалай келгені жайлы айтып берді. Сондай-ақ, Әлия Юсупова мектепте мұғаліміне бір кездері Олимпиада ойындарына қатысуға уәде бергенін еске алды. 

Сұхбатында спортшы танымал бапкер Ирина Александровна Винер-Усманованың академиясындағы кездер жайлы және Алина Қабаевамен қалай танысқаны туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, Әлия Юсупова қазіргі уақытта Қазақстандағы гимнастикаға не жетіспейтінін, бапкерлердің қандай принциптері мен ережелері болуы керектігі жайлы пікірін айтты.

Мұнымен қоса, спортшыға жеке өмірі жайлы сұрақтар қойылды. Әлия Юсупова балалары, ажырасқаны жайлы және бұрынғы күйеуімен қандай қарым-қатынаста екені жайлы айтып берді.

Әлия Юсупова Шымкентте 1984 жылдың 15 мамырында дүниеге келген. Екі жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан - Афинадағы (2004 жыл) және Бейжіңдегі (2008 жыл) ойындар. 2000-2009 жылдары Қазақстанның абсолют чемпионы болған. Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы. 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарының вице-чемпионы атанған.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына "Қазақстан аруы - 2018" Альфия Ерсайын, актер театр және кино актері Еркебұлан Дайыров,  Артур Төлепов, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов, әнші Мәдина Сәдуақасова, дизайнер Ая Бапани, әнші Ерке Есмахан, әнші Ғалымжан Молданазар, актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова,  "Нұрлан мен Мұрат" дуэті, аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети