18 маусым 2014 18:00

Алматы әкімі Ахметжан Есімов үш гол соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото 365info.kz сайтынан Фото 365info.kz сайтынан

Алматыда журналистердің төл мерекесіне орайластырылып, футболдан қызықты доп додасы ұйымдастырылды. Журналистер командасының сапында ойнаған қала әкімі Ахметжан Есімов үш гол соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматыда журналистердің төл мерекесіне орайластырылып, футболдан қызықты доп додасы ұйымдастырылды. Журналистер командасының сапында ойнаған қала әкімі Ахметжан Есімов үш гол соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Футболдан Бразилияда әлем чемпионаты өтіп жатқанда, Алматыда БАҚ өкілдерінің төл мерекелеріне арналып, доп додасы ұйымдастырылды. Онда журналистер құрамасы мен балалар арасындағы "Coca-Cola Былғары доп" додасының ересектер тобындағы жеңімпазы кездесті.

Айта кеткеніміз жөн болар, "Coca-Cola Былғары доп" командасының сапында Бразилиядағы әлем чемпионатының ашылу салтанатына барып келген үш қазақтың баласы да ойнады.

Ал әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысу бақытына "Coca-Cola Былғары доп" додасының ересектер тобындағы үздік ойыншылары, атап айтқанда, Тәукехан Жүніс, Шадияр Арынтай және Айдос Пошан сынды жеткіншектер ие болған.

Осы ретте айта кетейік, "Coca-Cola" бренді әлем чемпионатының ашылу салтанаты мен алғашқы ойынына дүниежүзіндегі 21 елдің дарынды жас футболшыларды апарған еді. Сонда біздің елге үш квота бөлінген болатын.

Ал Алматыдағы БАҚ өкілдері мен "Coca-Cola Былғары доп" додасының жеңімпазы арасындағы матчты Қазақстан журналистер одағы мен қалалық әкімдік ұйымдастырды.

Оған көптеген лауазымды тұлғалар келіп, ізгі ниеттерін білдірді. Мысалы, "Coca-Cola" компаниясының Еуразия мен Африка тобының басшысы Нейтан Калумбу Алматы қаласының әкіміне Бразилияның әйгілі футболшысы Бебетоның қолтаңбасы қойылған допты сыйға тартты.

Бұл допты Бразилиядан әлем чемпионатының ашылу салтанатына барып келген үш жеткіншегіміз алып келген екен.

Өз кезегінде қала әкімі Ахметжан Есімов жас футболшыларымызға ақ жол тілеп, 2009 жылы 6 маусымда Қазақстан және Англия журналистері арасындағы жолдастық кездесуді көпшіліктің есіне түсірді.

Дәл сол күні Қазақстан және Англия ұлттық құрамалары 2010 жылғы әлем чемпионатының електік додасы аясындағы кездескен болатын. Сол ресми матчтың алдында екі елдің журналистері кездесіп, қазақстандықтар 4:1 есебімен басымдық танытқан.

"Бірақ кешке қарай ұлттық құрамамыздың футболшылары 0:4 есебімен ұтылып қалып, біздің жеңісті жолымызды жалғастыра алмаған", – деп жиналғандарға журналистеріміздің футболды тәп-тәуір ойнайтындығын сездірді.

"Coca-Cola Былғары доп" додасының жеңімпаздарымен өткен матчта да журналистер басым түсті. Әуелі Срайыл Смайыл есеп ашып, одан кейін шабуыл өтінде ойнаған Ахметжан Есімов үш гол соқты. Бұл кездесу 4:0 есебімен аяқталды.

Ойыннан соң қала әкімі "журналистер маған тамаша пас беріп, барлық жағдайды жасап берді", – деп өз жетістігін көпшілікпен бөлісті.

Жалпы, журналисте құрамасы сапында Срайыл Смайыл, Гений Төлегенов, Шоқан Мақанов, Амангелді Сейітхан, Жанарбек Әшімжан, Мақсат Сіләмбеков, Марат Исабаев, Асхат Жақаев және басқа да журналистер өнер көрсетті.

Бұл ойынның бейнежазбасын мына жерден көре аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети