12 желтоқсан 2014 12:24

Алматы марафонына бес алматылық тегін дайындалатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vk.com ©vk.com

Бес алматылық 2015 жылы өтетін Алматы марафонына тегін кәсіби дайындықтан өте алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ұйымдастырушылар "Мен - марафоншымын!" байқауының қорытындысын шығарды. 


Бес алматылық 2015 жылы өтетін Алматы марафонына тегін кәсіби дайындықтан өте алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ұйымдастырушылар "Мен - марафоншымын!" байқауының қорытындысын шығарды. 

Бауыржан Сыдықов, Елдар Құдайбергенов, Дина Абайділдинова, Зоя Фалькова мен Светлана Нұртазина кәсіпқой жаттықтырушылармен Алматы марафонына фитнес-клубта үш айлық дайындықтан өтеді. 

Бастапқы жоспар бойынша, 2015 жылы 26 сәуірде өтетін Алматы марафонында 42 шақырым 195 метр жерді дайындықтан кейін жүгіріп өтуі тиіс, жеңімпаз төрт адам болады делінген - екі ер адам мен екі әйел адам. Бірақ байқаудың қазылар алқасы 2015 жылы 50 жасқа толатын Светлананы жеңімпаздар қатарынан шеттете алмады, ол 21 шақырымға жүгіруге дайындалады. Бес жеңімпаз фитнес-клубтағы кәсіпқой жаттықтырушылармен дайындық жұмыстарына жаңа жыл мерекесінен кейін кіріседі.

Жобаның ерекшелігі кәсіби спортқа қатысы жоқ, бірақ өмірін жақсы арнаға бұрғысы келетін адамдар шақырылды. Жеңімпаздардың жұмыс нәтижелерін кез келген адам бақылай алады. Қортындылар Алматы марафоны сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланып отырады. "Мен - марафоншымын!" жобасының мақсаты - салауатты өмір салты мен спорт құндылықтарын Алматы тұрғындарына насихаттау.

"Біз спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын ұстануға ешқашан кеш болмайтынын көрсеткіміз келеді", - дейді Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева. - Мақсатқа жету үшін біздің жоба көпшілікке әсер етеді деп үміттенеміз!" 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети