24 қаңтар 2015 16:23

Алматы шаңғы спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі ©Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы солтүстік дисциплиналар бойынша юниорлар арасындағы әлем біріншілігін өткізуге дайын, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы солтүстік дисциплиналар бойынша юниорлар арасындағы әлем біріншілігін өткізуге дайын, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Алматыда 1-8 ақпан аралығында өтеді. Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов "Сұңқар" шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені аумағындағы жаңа шаңғы трассасының әлемдік сайысқа дайындығын тексерді. "Қала басшысы барлық халықаралық стандартқа сай келетін шаңғымен жүгіру трассасының мегаполистің спорт кластеріндегі тағы бір жақсы қосымшасы болатынын айтып, нысанның маңызын атап өтті", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Алматыда өтетін чемпионатқа әлемнің 32 елінен 570-тен астам спортшы келеді. Шараға спортшылардың санына жуық еріктілер шақырылған, әлемнің түкпір-түкпірінен бұқаралық ақпарат құралдарының 30-дан астам өкілі аккредиттелді. Солтүстік дисциплиналар бойынша юниорлар арасындағы әлем чемпионаты 240 миллион көрермені бар "Евроспорт" арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети