22 тамыз 2016 17:35

Алматыда "Халықаралық спорт күні" атап өтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық мәдениет басқармасы © Алматы қалалық мәдениет басқармасы

Алматы қаласының 1000 жылдығына орай "Халықаралық спорт күні" аталып өтті. Іс-шара жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алмалы аудандық мәдениет және спорт бөліміне сілтеме жасап.

Іс-шара "Био-комбинат" саябағында орналасқан жаңа спорт алаңының ашылуымен бастау алған. "Бұл жерде кез келген уақытта футбол, баскетбол, воллейбол ойнауға, "уоркаутпен" айналысуға мүмкіндік бар. Мерекелік іс-шарада ұлттық спорттық ойындары мен мини-футболдан демалыс орталықтары арасында жарыстар ұйымдастырылды.

"Ұлттық спорт ойындарын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында "қазақша күрес", "арқан тартыс" сайыстары жасөспірімдердің қызығушылығын танытты. Аламанның алдын алып, күресуден Әлжәппаров Абзал жеңіп шықты. Өзге де қатысушылар сыйлықтар мен құрмет грамоталарымен марапатталды. Жергілікті аумақтың тұрғындары да, жастар да демалыс орталығының көріктендірілгеніне аса ризашылығын білдірді", - дейді әкімдіктің өкілі.

Алмалы ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастарды спортқа кеңінен баулуға барша мүмкіндік жасалып жатыр. Спорт алаңдарының ашылуы - бұл бағытта атқарылып жатқан үлкен қадам. Алдағы уақытта тағы да 5 балалар алаңының ашылуы көзделіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети