29 тамыз 2016 15:27

Алматыда жастар арасындағы бейсболдан халықаралық турнир өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы кіші бейсбол Лигасы © Алматы кіші бейсбол Лигасы

Қазақстан Республикасының Конституция Күнін тойлау аясында алғаш рет республикада бейсболдан халықаралық деңгейдегі спорттық шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы кіші бейсбол Лигасының өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Конституция Күнін тойлау аясында алғаш рет республикада бейсболдан халықаралық деңгейдегі спорттық шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы кіші бейсбол Лигасының өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қырғызстан командалары арасындағы спорттық сайыс өткен жексенбіде жалпы білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылды. Кездесу 5:3 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Алматы кіші бейсбол Лигасы Қырғыз Республикасынан жас спортшыларды, балалар үйінің тәрбиеленушілерін шақырған.

1995 жылы Қазақстан Кіші Бейсбол Лигасы құрылған әлемдегі 90-шы мемлекет болды. Қазіргі таңда бейсболды әлемнің 120 мемлекетінде ойнайды. Жобаның мақсаты жасөспірімдерді бейсбол қозғалысына тарту және қызықтыру. 2005 жылы ХОК 117-ші сессиясында Сингапурда бейсбол олимпиадалық спорт түрінен алынып тасталды. 2016 жылы ХОК комиссиясы бейсбол қайтадан 2020 жылы Олимпиада ойындарының қатарына қосылады деген шешім қабылдады.

Ойынға қатысқан екі елдің жас спортшылары мынадай сертификаттармен марапатталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети