06 қаңтар 2015 16:56

Алматыда жүгіруден халықаралық флешмоб өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©diapazon.kz ©diapazon.kz

Алматыда жүгіруден "Бүкіл Жер ғаламшары жүгіреді" атты халықаралық флешмоб өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі халықаралық флешмобтың ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.


Алматыда жүгіруден "Бүкіл Жер ғаламшары жүгіреді" атты халықаралық флешмоб өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі халықаралық флешмобтың ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Жүгіру қашықтығы - 3 пен 10 шақырым аралығында, оны қатысушының өзі таңдайды. Флешмоб Тұңғыш Президент саябағында 7 қаңтар күні сағат 08.30-да басталады.

Айта кетейік, жаппай жүгіруге Қазақстан спортының аты аңызға айналған жұлдыздары қатысады, олардың арасында бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Еуропаның екі дүркін, КСРО-ның үш дүркін чемпионы Серік Нұрзақов, Азияның, Африканың, Австралия мен Американың барлық ірі шөл далаларын жалғыз жүгіріп өткен әлемдегі тұңғыш адам, Гиннесс рекордын жеті рет жаңғыртқан Марат Жыланбаев, Қазақстаннан шыққан тұңғыш Ironman-дардың бірі Бауыр Қарипов, дүниежүзінің 14 биік шыңын бағындырған альпинист, спорт шебері Мақсұт Жұмаев, спорт шебері, бокстан ҚР еңбегі сіңірген бапкері, триатлоннан Қазақстанның әуесқойлар федерациясының президенті Мұратхан Тоқмәди мен дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО чемпионы Нұридин Даузов бар.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Алматы марафонына дайындық шеңберінде "Күзгі жүгіру" шарасы ұйымдастырылған еді. Жарысқа 200-ге жуық адам қатысты. IV "Алматы-марафон" қайырымдылық жарысы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети