16 сәуір 2014 11:38

Алматыда пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Vesti.kz Сурет: Vesti.kz

21 және 27 сәуір аралығында Алматыда алғаш рет пауэрлифтингтен Азияның ашық біріншілігі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның пауэрлифтинг федерациясына сілтеме жасап. Бұл байрақты бәсекеге 10-нан астам елдің спортшылары қатысуға ниет білдірген. Олардың қатарында жасөпірімдер мен ардагерлер де бар.

Турнирдің алғашқы алғашқы үш күнінде спортшылар іріктеу кезеңдерінен өтетін болады. Ал одан кейін үш салмақ дәрежесінде өз салмақтарының жеңімпазын анықтасы, турнирдің соңғы күні абсолютті салмақтағы, яғни барлық салмақ дәрежесіндегі суперчемпионды анықтайды. Сондай-ақ бұл күндері Алматының "Мега" сауда орталығында спорттың бодибилдинг түрінен де спортшылар сынға түседі. 

Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде пауэрлифтинг қарқынды дамып келеді. Оған дәлел ретінде өткен жылы Прагада өткен Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың жалпы командалық есепте алғаш рет үшінші орыннан көрінгенін айтуға болады. Алдағы уақытта пауэрлифтинг федерациясы бұл спорттың аясын кеңейтіп, елімізде халықаралық жарыстарды көптеп өткіземіз деп мақсат қойып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети