04 тамыз 2018 17:15

Алматыда триатлоннан Азия Кубогының жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Алғаш рет Алматыдағы "Сайран" өзенінде триатлон бойынша Азияның ашық континенталды Кубогының "Elite" санатындағы ерлер және әйелдер арасындағы жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Алғаш рет Алматыдағы "Сайран" өзенінде триатлон бойынша Азияның ашық континенталды Кубогының "Elite" санатындағы ерлер және әйелдер арасындағы жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жапония мен Корея қатысушылары үздік үштікке енді. Бірінші орынды жапон қызы - Ниина Кишимото, "күміс" жүлдені - оның отандасы Хикару Фукуока иеленді, ал үшінші орынға корялық Джи Йеон Ким жайғасты. Қазақстандық спортшылар Надежда Бекмагамбетова, Ашраф Камалова, Анастасия Автушко, Газиза Кумакбаева және Яна Морозовалар тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он төртінші және он алтыншы орындарды иеленді. 

"Бұл менің спорттағы мансабымдағы ең үздік жарыстардың бірі болды", - Ниина Кишимото.

"Мен өз уақытымды жақсартып, үш минутқа қысқарттым, бұл мен үшін үлкен жетістік", - дейді Анастасия Автушко.

Ерлер арасында Гонконгтан келген Оскар Коггинс бірінші орынды иеленді, украиналық Иван Иванов екінші орынға табан тіреді, ал жеңімпаздың отандасы Джейсон Тай Лонг Нг үшінші орынды қанағат тұтты. Қазақстандық спортшылар Мейірлан Ысқақов, Темірлан Теміров, Семен Пивоваров, Аян Бейсенбаев, Дарын Қонысбаев, Александр Автушко, Сабыржан Қосақ тоғызыншы, оныншы 14-ші, 17-щі, 20-шы, 29-шы және 30-шы орынға табан тіреді. 

"Бастамасы жақсы, ауа райы тамаша, ұйымдастыруы керекмет болды - барлығы да ең жоғарғы деңгейде өтті, маған барлығы ұнады", - дейді қазақстандық спортшы Семен Пивоваров.

Еске салайық, Алматыда триатлоннан Азия Кубогы өтіп жатыр. 4 тамызда кәсіпқойлар өнер көрсетті, ертең, яғни 5-інде әуесқойлар өз бақтарын сынап көреді. 

Суреттер Vesti.kz сайтынан

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети