18 шілде 2015 12:52

Алматыдағы Баум тоғайында 500 адам жүгірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Жүгіруді жақсы көретіндер мен салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін "Жазғы жүгіру" шарасы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Жүгіруді жақсы көретіндер мен салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін "Жазғы жүгіру" шарасы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Біз бүгін Алматы марафонына дайындық аясында үшінші рет жүгірдік, - деді Алматы Марафонының директоры Салтанат Қазыбаева. - Әр кезде біз жүгіру үшін түрлі жер таңдауға тырысамыз, алғашында Ботаника бағымен, одан кейін Тұңғыш Президент саябағымен жүгірдік, бұл жолы Баум тоғайын таңдадық. Күн ыстық болса да, тоғай іші көлеңкелі. Сондықтан да жүгіргендер өздерін жақсы сезінді. Бұл жолы біз қашықтықты 10 шақырымнан 15-ке дейін ұзарттық. Бұл өз мақсатын бағындырғысы келетін қатысушылардың қалауымен өзгертілді".

Баум тоғайындағы жүгіруге әр түрлі жастағы адамдар қатысты. 10 мен 14 жас аралығындағы балалар 3 шақырым, 15 жастан жоғарылар үш категория бойынша 15 шақырым жүгірді: 15-34, 35-49 жас аралығындағылар мен 50 жастан жоғарылар. Сонымен қатар, ең ерекше киім үлгісі үшін арнайы номинация жарияланды. Жүгіру алаңының тарлығына орай қатысушылардың саны қысқартылды. Шараға 70 жасқа дейінгі 500 адам қатысты. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.

Ең ерекше киім үлгісіндегі адам араб шейхі образында келді. © Vesti.kz

"Жазғы жүгірудің" жеңімпазы - Георгий Шейко.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети