19 тамыз 2016 16:45

Америкалық жүзуші Риодағы жанжалынан кейін қайырымдылыққа 11 мың доллар аударатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elenapyyhtia.blogspot.com © elenapyyhtia.blogspot.com

АҚШ олимпиадалық құрамасының жүзушісі Джимии Фейген полициямен келіспеушілікті тоқтату үшін Бразилиядағы қайырымдылық қорының шотына 11 мың доллар көлемінде ақша аударады. Бұл туралы ABCnews хабарлайды.


АҚШ олимпиадалық құрамасының жүзушісі Джимии Фейген полициямен келіспеушілікті тоқтату үшін Бразилиядағы қайырымдылық қорының шотына 11 мың доллар көлемінде ақша аударады. Бұл туралы ABCnews хабарлайды.

Фейген ақша аударатыны жөнінде оның қорғаушысы Брено Коста мәлімдеме жасады. Фейген Рио-де-Жанейро қаласының судьяларымен және прокуратура қызметкерлерімен жанжалды шешіп, ақшаны аударғанда ғана өз құжатын ала алады екен. Бразилияның Президент әкімшілігінің басшысы Элизеу Падилья Рио-де-Жанейрода америкалық жүзушілер Райан Лохте, Джек Конгер, Геннар Бентц және Фейгенді бразиялиялық полицейлерге ұрлық туралы жалған мәлімет берген деп мәлімдеген. 

Айта кетейік бұл оқиға АҚШ жүзгіштерінің тоналғандары туралы мәлімдемесінен басталған. Лохте сауықтыру кешінен олимпиадалық ауылға келе жатқанда полицияның белгісі бар қаруланған адамдар тонап кеткенін айтқан. Ал бразилиялық полицейлердің айтуынша, америкалық жүзушілер Рио-де-Жанейрода жанармай құю бекетінде күзетшіні соққыға жыққан. Енді оқиғаның шын мәнінде қалай болғаны тергеу аяқталғанда белгілі болады. Лохте, Конгеру, Бентц және Фейгенге тергеу шаралары бітпейінше Бразилиядан кетуге тыйым салынды. Алайда бұл үкім шыққанға дейін Лохте АҚШ-қа кетіп қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети