07 ақпан 2017 14:35

Анна Шевченко Универсиада ойындарында бесінші медалін жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty2017.com © almaty2017.com

Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында бесінші жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында бесінші жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шевченко 15 шақырымға масс-старт бәсекесінде мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлде еншіледі. Отандасымыз үздік көрсеткішке ие болған ресейлік Лилия Васильевадан 7.8 қалып қойды. Екінші орынды бұл жарыста екінші бір ресейлік Анна Нечаевская (+2.0) алды.

Бұл бәсекеге сынға түскен отандастарымыздың арасында Ольга Мадрика (+48.1) бесінші, Ангелика Шурыга (+1:48.2) сегізінші, Марина Матросова (+3:05.4) тоғызыншы болып мәре сызығын кесті.

Айта кетейік, бұл жүлде Анна Шевченко үшін Универсиада ойындарында жеңіп алған бесінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз екі қола, бір күміс және бір алтын жүлде жеңіп алған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети