Ақтөбе қаласындағы №21 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Манас Жаңабергенов Аqtóbe Run марафонының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтар".
Ақтөбе қаласындағы №21 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Манас Жаңабергенов Аqtóbe Run марафонының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтар".
Аqtóbe Run атты бұқаралық жарыс осы демалыс күндері өтті. Қаланын тұрғындары 5 және 10 шақырымға жүгірді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин осы шараны құттықтау сөзімен ашып, марафоншыларға жеңіс тіледі.
400-ге жуық адам қатысқан спорттық шарада дене шынықтыру мұғалімі бәрінен де жүйрік болып шықты. Ол аптасына 150-160 шақырым жүгіретін мұғалім оқушыларына үлгі болғысы келеді.
"Бұл менің бірінші жарысым емес. Бұған дейін 21 және 42 шақырымды бағындырдым. Мәселен, биыл Атырауда және Астанада жартылай марафонда чемпион болдым. Ал Алматыда 42 шақырым жүгіріп, тоғызыншы болып келдім. Бірақ жас ерекшелігім бойынша екінші орын алдым. Балаларға үлгі болғым келеді. Дене шынықтыру мұғалімі тек сөйлеп қана қоймай, іспен де дәлелдеу керек", - деді Манас Жаңабергенов.
"Аqtóbe Run Ақтөбеде алғаш рет өтіп жатқан Х Республикалық универсиаданың құрамдас бөлігі ретінде өтті. Ал негізгі марафон 8 маусымда өтеді. Соған барлық ақтөбеліктерді қатысуға шақырамыз", - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.