25 мамыр 2015 07:16

Аргентинада футболшы ойын кезінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©YouTube кадры ©YouTube кадры

Аргентинаның "Атлетико Парана" командасының қорғаушысы Кристиан Гомес (Cristian Gómez) футбол алаңында қайтыс болды, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Оқиға 24 мамырда, "Бока Удинос" командасымен кездесуде болды.

Бірінші таймның 32 минутында футболшы желекке құлап түседі, осы кезде төреші ойынды тоқтатады. "Талып қалған сияқты болды", - деді "Атлетико Парана" өкілі.

Стадионда кезекшілік атқарған дәрігерлер 27 жастағы спортшыны ауруханаға апара жатқан сәтте ол жан тапсырды. "Қорғаушы аураханаға бара жатқан жолда көз жұмды", - деді аргентиналық клубтың менеджері. Алдын ала мәлімет бойынша, футболшының жүрегі тоқтап қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети